МФЦА | Біздің серіктестер | Инвесторға көмек | Аукционы ВИЭ

МФЦА

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО)

AIFC Green Finance Centre Ltd Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл және әлеуметтік қаржы құралдарын дамыту және алға жылжыту мақсатында құрылды.

Акционерлер – «Астана» Халықаралық қаржы орталығы және Еуразиялық Даму Банкі.

Қызметтің негізгі түрлері:

  • «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Биржасында жасыл/әлеуметтік облигациялар шығаруды сүйемелдеу
  • «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Биржасында жасыл/әлеуметтік облигацияларды орналастыруға байланысты эмитенттердің шығындарын өтеу/азайту
  • Second-Party Opinion форматында жасыл/әлеуметтік облигацияларға міндетті сыртқы шолуды әзірлеу
  • Жасыл/әлеуметтік облигацияларды орналастыруға ықтимал қатысу мәселесі бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізу.

Жасыл/әлеуметтік облигациялар – бұл экологиялық/әлеуметтік пайда әкелетін жобаларды қаржыландыруға қаражат тарту мақсатында шығарылған борышқорлық бағалы қағаздар.

Эмитент үшін жасыл/әлеуметтік облигациялар шығарудың артықшылықтары:

  • Жоғары инвестициялық сұраныс;
  • Дағдарыс жағдайында капитал тарту;
  • Инвесторлардың жаңа кең тобын тарту;
  • Қосымша PR бонустары және беделін жақсарту;
  • Ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инвесторлардың ұзақ мерзімді стратегиясымен біріктіру мүмкіндігі.

Инвестор үшін жасыл/әлеуметтік облигациялар шығарудың артықшылықтары:

  • Жасыл жобаларға және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға инвестиция салу мүмкіндігі;
  • Инвестициялардың ашықтығы мен есептілігі;
  • Қоршаған ортаға пайда әкелетін басқа инвестициялармен және қосымша PR бонустарымен салыстырылатын табыстылық;
  • PRI қол қоюшылары немесе жауапты инвестор мәртебесі ретіндегі міндеттемелерді сақтау.

Біздің байланыс:

Манас Гиждуаниев

Бизнесті дамыту жөніндегі Директоры

+7(7172)64-73-88

+7(775)99-078-00