Инвестициялық преференциялар
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелерін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР СІМ) реттейді. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау мемлекеттік преференцияларды беру болып табылады.
Инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына және инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде технологиялық жабдықты импорттайтын лизингтік компанияларға берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына сәйкес электр энергиясын және газ тәрізді отынды өндіру инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кіреді. Осыған байланысты ЖЭК жобалары инвестициялық жобалар санатына жатады, оларды жүзеге асыру шеңберінде инвесторларға мынадай инвестициялық преференциялар беріледі:
кедендік баждық салықтарынан босату:
- инвестициялық келісім-шарттың әрекет еті мерзіміне технологиялық құрал-жабдықтар мен бөлшектерді импорттау кезінде, бірақ инвестициялық келісім-шарттардың тіркелген күні 5 жылдан аспаған жағдайда;
- белгіленген активтерге инвестициялар көлеміне байланысты және инвестициялық жоба қызметінің басым түрлері тізбесіне сәйкес болған жағдайда 5 жыл мерзімге дейін технологиялық құрал-жабдықтарды, шикізатт және материалдарды импорттау кезінде;
импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатылады, егер:
- шикізат пен материалдар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына енгізілген жағдайда, импортқа қосылған құн салығынан босату;шикізаттар мен материалдарды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделген; әкелінген шикізат және (немесе) материалдар инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдаланылатын болады;
мемлекеттік заттай гранттар (жер участкілері, ғимараттар, машиналар мен құрал-жабдықтар, есептеу техникасы, өлшеу және реттеу аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары) келесі жағдайларда беріледі:
- заттық гранттың көлемі белгіленген активтерге инвестициялар көлемінен 30%-дан аспау тиі;
- жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімін растайтын құжатты ұсыну тиіс.
Инвестициялық преференциялар бойынша толық ақпарат Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ веб-сайтында орналастырылған.