Инвестордың нұсқаулығы
2018 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сауалы бойынша Қазақстан Республикасында ЖЭК салуды жоспарлап отырған инвесторларға көмек ретінде АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен Tetra Tech компаниясы іске асыратын «Болашақ энергиясы» өңірлік бағдарламасы шеңберінде «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жөніндегі инвесторларға арналған нұсқаулық» (2018 жылғы редакция) әзірленді.
Осы құжат 14 тарауды және аукциондық сауда-саттыққа қатысудан бастап ЖЭК объектісін электр желісіне қосқанға дейін Қазақстан Республикасында ЖЭК салу жобасын іске асыруға байланысты барлық мәселелерді қамтиды.
Егер Сіз Қазақстан Республикасындағы ЖЭК секторына инвестиция салуды жоспарлап отырсаңыз немесе жаңартылатын энергия көздері секторының дамуына ғана қызығушылық білдірсеңіз, осы нұсқаулықты оқып білу үшін ұсынамыз.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Болашақ энергиясы» өңірлік бағдарламасының ынтымақтастығы жалғастырылды, осы ынтымақтастық шеңберінде Tetra Tech компаниясы «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жөніндегі инвесторларға арналған нұсқаулық» жаңартылды (2019 жылғы редакция). Нұсқаулық 2019 жылы Қазақстан Республикасындағы ЖЭК секторының жұмыс тәртібін регламенттейтін Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып әзірленді.
Бұл құжат Қазақстан Республикасындағы ЖЭК секторына инвестиция салуды жоспарлап отырған инвестордың «үстелдік» кітабы болады деп ойлаймыз.
Төменде жүктеуге болатын құжаттар көрсетілген:
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жөніндегі инвесторларға арналған нұсқаулық (2018 жылғы редакция)
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жөніндегі инвесторларға арналған нұсқаулық (2019 жылғы редакция)