Жаңалықтар
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне толықтырулар енгізілді
2021 жылғы тамызда "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім беру мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда – саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына толықтырулар (бұдан әрі-Ереже) күшіне енді.
Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды. "Күн және жел электр станцияларын салу бойынша жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кестеде көрсетілген қосылу нүктелері мен жер учаскелеріне сәйкес жүргізіледі". Сондықтан да, ЖЭС және КЭС жобалары бойынша аукциондарға қатысушылар қосылу нүктесі мен жер учаскесін ҚР ЭМ бекіткен кестеге сәйкес таңдау қажет.
2021 жылы күн және жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттық жоғарыда көрсетілген ережелерге енгізілген өзгерістер ескеріле отырып жүргізілетін болады.
Осыған байланысты ұйымдастырушының сайтында Ережелерге толықтыру енгізу туралы ҚР ЭМ бұйрығы орналастырылған. Ережеге қосымша енгізуді мына жерден жүктей аласыз.