Жаңалықтар
2021 жылғы 9 қарашада белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары
2021 жылғы 9 қарашада өткен белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша Аукцион өтті деп танылды.
Аукциондық сауда-саттығына қатысуға 2 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 2 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 0,2-ден 4,95 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 5,15 МВт құрады. 2021 жылы БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 32,15 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 32,15 -ден 32,14 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компаниялар жеңімпаз болып анықталды:
- «Burabai biogas & Fertilizers Factory» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 4,95 МВт, аукциондық бағасы 32,15 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ақмола облысының Қарашілік ауылына жақын жерде орналастыру жоспарлануда;
- «SAMP KAZAKHSTAN» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 0,2 МВт, аукциондық бағасы 32,14 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ақмола облысының Қызылсуат ауылына жақын жерде орналастыру жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, "KAZENERGY" ЗТБ. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
Келесі аукцион 10.11.2021 ж. 50 МВт ВЭС түрі бойынша белгіленді
Анықтамалық:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 30.07.2021 ж. №251 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес 2021 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 200 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:
- күн электр станциялары – 20 МВт;
- жел электр станциялары – 50 МВт;
- гидро электр станциялары – 120 МВт;
- БиоЭС - 10 МВт.
«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.