Жаңалықтар
2021 жылғы 11 қарашада белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары
2021 жылғы 11 қарашада белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион.
2021 жылғы 11 қарашада өткен белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша Аукцион 51-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шартқа сәйкес өткізілмеді деп танылды «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығы, сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екеуден кем.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, Qazaq Green Қауымдастығынің, USAID. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
Келесі аукцион 12.11.2021 ж. 20 МВт СЭС түрі бойынша белгіленді
Анықтамалық:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 30.07.2021 ж. №251 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес 2021 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 200 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:
- күн электр станциялары – 20 МВт;
- жел электр станциялары – 50 МВт;
- гидро электр станциялары – 120 МВт;
- БиоЭС - 10 МВт.
«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.