2021 жылғы 29 желтоқсанда "КОРЭМ" АҚ сауда алаңында жаңадан па ...Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

30 желтоқсан, 2021
224
1 Фото

Қазақстанда жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды маневрлік генерациялау режимімен салу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді

1 Фото

2021 жылғы 29 желтоқсанда "КОРЭМ" АҚ сауда алаңында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды маневрлік генерациялау режимімен салу бойынша алғашқы аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №297 бұйрығымен бекітілген генерацияның маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда – саттықты өткізу кестесіне сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі 550 МВт құрады, шекті аукциондық бағаның шамасы-айына 9 798 700 тг / МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа 2 энергия өндіруші ұйым қатысты. Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша сатылған қуаттың жиынтық көлемі 550 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 2 құрады, келесі қатысушылар аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары болып танылды:

1) "Алматы электр станциялары" АҚ көлемі – 450 МВт, бағасы - 9 798 700 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз);

2) "КарагандаЭнергоцентр" ЖШС - 100 МВт бағасы бойынша - 9 798 500 тг / МВт*ай (ҚҚС-сыз).