Оқыту семинарлары | Инвесторға көмек | Аукционы ВИЭ

Оқыту семинарлары

2020 жылдың 9-25 қараша мен 8-10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізіледі, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «КОРЭМ» АҚ – аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушымен және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС – бірыңғай сатып алушымен бірлесіп Сіздерді «2020 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбындағы вебинарларға қатысуға шақырады.

Вебинарларға «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысады. Вебинарлар БҰҰДБ, USAID қолдауымен ұйымдастырылуда.

Осы семинарлардың мақсаты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, аукциондық сауда-саттықты өткізу тәртібін түсіндіру болып табылады. Семинарларға қатысу Сіздің компанияларыңызға ресми тұлғалардан сұрақтарыңызға жауап алуға және іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

 

Ұсынылған вебинарларға қатысу үшін тіркелуді келесі сілтеме арқылы өте аласыз: 

https://us02web.zoom.us/meeting/register/tZAvfu6hpzIrGNF04jqAzVsdKj5qUuG3mqrW